СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің кезекті аппараттық кеңесінде мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау бөлімінің бас маманы Самал Окенова мемлекеттік қызметші антын қабылдады.

Кеңес барысында сондай-ақ «Медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 02-15 бұйрығына сәйкес Департамент басшысының орынбасары Самат Барменбаев «Белсенді қоғамдық қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Департамент басшысы Әсет Жұматаев бұл оқиғалардың маңыздылығын атап өтіп:
«Мемлекеттік қызметші анты – қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік, ал белсенді қоғамдық қызметтің мойындалуы – біздің саламыздың дамуына қосқан жеке үлестің көрсеткіші. Әріптестерімізді маңызды жетістіктерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тілейміз», – деді.