Департаменттің бақылауындағы өнімнің қауіпсіздігі

Департаменттің  бақылауындағы өнімнің  қауіпсіздігі

Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықтың саниатриялық-эпидемиологиялық саламаттылығын бақылау мақсатында,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 маусымдағы №46 бұйрығымен бекітілген

халықтың саниатриялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау сатып алуларын жүзеге асыруға сәйкес 2025 жылдың 8 айында өнімдер мен тауарлардың 2057 сынамасы, оның ішінде тамақ өнімдерінің 996 сынамасы (48,4%), тауарлардың азық-түлік емес  тобының 1061 сынамасы  (51,5%) сатып  алынды.

         «ҚР ДСМ СЭБК СҚО ҰСО» ЖШҚ РМК филиалының зертханалары жүргізген сараптама нәтижелері бойынша зерттелген тамақ өнімдерінің 996 сынамасынан 70 сынама (7,0%)  КО ТР талаптарына сәйкес келмеді. Тауарлардың азық-түлік емес  тобының 1061 сынамасы зерттелді, оның 536 сынамасы КО Техникалық Регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеді, бұл 50,5% құрайды.

          Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №39 бұйрығының 2-тарауына сәйкес нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдері мен тауарлардың сынамаларына зертханалық сараптама нәтижелері бойынша  кәсіпкерлік  субъектілеріне қажетті шараларды қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы  саласындағы  нормативтік құжаттардың талаптарына  жауап бермейтін сатылатын өнімді  қайтарып алуға,  Техникалық регламеттердің  талаптарына немесе Еуразиялық  экономикалық одақтың  Бірыңғай санитариялық –эпидемиологиялық  және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) сатудан алып қою және  кері қайтарып алу, жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігердің 93 қаулысын шығару  түрінде  жедел ден қою шаралары қолданылды.          Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық  реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  департаменті өнімге сәйкестік туралы 2  декларацияның күшін жойды.

         Зертханалық сараптаманың және  қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша  талаптарға сай келмейтін  анықталған өнімнің нәтижелері  бойынша 10 тергеу жүргізілді.  Жалпы сомасы 44 мың 80 теңгеге сатудан 11,495 кг. өнім (тауар)  алынды, оның ішінде 10,440кг. тамақ өнімі.

          ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабының 1-б. негізінде  өнімді жалған  фактісі бойынша  Петропавл қ. ІІБ-на 1 хат жолданды.