📌Cынған қызуөлшегіштің сынабын дұрыс жинап алу жолы туралы

📌Cынған қызуөлшегіштің сынабын дұрыс жинап алу жолы туралы
 
⚡️Қызуөлшегіш сынғаннан кейін оның ұшқан сынықтары мен ішіндегі сынапты жатқан орнын түсінуге тырысыңыз. Ең бастысы сынап тамшыларын үйде таратпау үшін төгілген сынапты басып алмаған жөн. Қызуөлшегіштің қалдықтары жатуы мүмкін аймақтан барлық үй тұрғындарын басқа бөлмеге шығару қажет. Үйдегі жануарларды орындарынан көшіру керек.
✨Сынап металл болғандықтан, ауаға түскеннен кейін жақсы буланады, сондықтан терезелер мен желкөздерді ашып, бөлмені желдетіп алу қажет.
⚡️Сонымен, сіз қызуөлшегімтің сынықтары мен сынаптың түскенін орнын анықтадыңыз. Сынап кез келген жерге тиген кезде ұсақ тамшылары сіз ойлағанан әлдеқайда алыс жерге түседі. Өңделетін аймақ бастапқы кезде белгілегеннен 1,5-2 есе үлкен болуы тиіс. Аумақта мыңдаған сынап тамшылары болады. Оларды жинап алу оңай емес. Ең бастысы тұрмыста пайдаланатын сыпырғыш немесе шүберектерді пайдаланбаңыз. Сынапты жинаған кезде тек бір-ақ рет пайдаланып қоқысқа тастауға болатын заттарды қолданыңыз.
⚡️Ең алдымен, сынаптың ірі түйіршіктерін жинап алу қажет. Жинау кезінде қағазды қолданып, кейін оны суы бар құтыға салып қою қажет. Сынап судың астында болған кезде буы қауіп төндірмейді. Дей тұрғанымен, сынап «судың астында буланады» және жеті күннен кейін судың үстіндегі сынап тамшылары буының қысымы жердің үстінде жатқан тамшының үстіндегі қысыммен тең болады. Осы орайда құтыны үйде бір аптадан артық сақтамаңыз. Сынаптың ірі тамшыларын инесі жоқ шприцпен немесе бүріккішпен жинап алуға болады. Кішкентай тамшыларды өзара біріктіріп, қылқалам не тағы басқа ыңғайлы құрал, яғни шприц не бүркеуге арналған үрімше арқылы қағазға жинап алу керек. Сондай-ақ ұсақ тамшыларды скотч арқылы жинау ыңғайлы. Скотчтан шағын қиық кесіп аламыз (30-50см.), содан кейін жабысқақ жағымен, қолға қолғап киіп, оны сынап төгілген еден бетіне жабыстырып (скотч тамшыларды жинап алуы үшін қолмен үстіне басып өту керек), жұлып аламыз. Скотчтің қиығына мұқият қараған кезде қызуөлшегіштің ұсақ сынықтары мен жылтыраған түйіршектерді байқауға болады. Дәл осы түйіршіктер сынған қызуөлшегіштен тараған сынып тапшылары болып табылады, пайдаланылған қиықты бүктеп, жоюға арналған пакетке салыңыз. Тағы да скотч алып, жасаған әрекетіңізді қайталаңыз. Осылайша, сынап түсуі ықтимал барлық аумақты скотчті пайдалану арқылы тазалап шығасыз. Ең бастысы, скотчті жабыстырған кезде қиықтың тесіліп кетуін болдырмау қажет. Сынап тамшыларының басым бөлігінің ұсақтығы соншалық, оларды көзбен көруге болмайды. Ал скотч арқылы оларды жабыстырып алуға болады. Барлық төгілген сынапты жинағаннан кейін еденді мұқият жуып шығу керек. 1 л суға 40 г үгілген сабын мен 50 г ас содасын қосып, сабын-содалы ерітіндіні дайындаңыз және сынап төгілген аумақты өңдеңіз. Осы шараны бірнеше күн бойы қайталап жасап тұру қажет. Тұрақты түрде ылғалды жинап, үй-жайды желдетіп тұрыңыз.
⚡️Пакеттерді қоқысқа тастамаңыз және үйде сақтамаңыз! Сынап қауіпті, қоқысқа түсіп, адамдар мен жануарларға зиян келтіруі мүмкін! Сондықтан оны мамандарға тапсырыңыз немесе жою үшін шұғыл осындай қоқыстарды жинауға арналған арнайы контейнерге тастаңыз.
✨Қызуөлшегішті абайсызда сындырып алмау үшін оны ұқыптылықпен қолданылу мақсатына сай пайдалану қажет және балалардың қолы жетпейтін жерде арнайы қорапшасында сақтау керек. Сондай-ақ қазіргі уақытта сынапты қызуөлшегіштің қауіпсіз баламасы болып табылатын электронды және қызылсәулелі термометрлер кеңінен пайдаланылады.