
2025 жылғы 4 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен Департамент пен аумақтық басқармалардың мамандарына арналған семинар өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Жанмурзина Н.Э. «Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен рәсімдерін сақтамаудың әкімшілік-құқықтық салдары» тақырыбында баяндама жасады.

Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы
В.А. Дзубан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығын («Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы») түсіндірді.

Әдеп жөніндегі уәкіл, басшының орынбасары С.М. Барменбаев мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен іскерлік стилін сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын орындау туралы айтып өтті.

Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы
В.А. Дзубан ақпараттық қауіпсіздік талаптары және шектеулі қолданыстағы құжаттармен жұмыс істеу мәселелері бойынша баяндама жасады.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.