
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 15–29 тамыз аралығында «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын жүзеге асыруға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында семинарлар өткізілді.

Семинарға басқарма мамандары, білім беру бөлімдерінің үйлестірушілері, сондай-ақ облыс аудандары мен Петропавл қаласының мектеп өкілдері қатысты.

Семинар барысында мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау бөлімінің басшысы Б.Б. Бегенова «Облыс мектептерінде „Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер“ жобасын енгізу кезеңдері. Іс-қимыл жоспарларын әзірлеу мысалдары» тақырыбында баяндама жасады.
Мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау басқармасының жетекші маманы
С.Т. Окенова жобаны іске асыру аясында коммуникациялық және бағалау жоспарларын құру туралы айтты.

Соңында қатысушылар пікір алмасып, барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.