Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шарада құттықтау сөз сөйлеген департамент басшысы Әсет Тұрғымбекұлы Конституцияның ел тәуелсіздігі мен бірлігін нығайтудағы айрықша рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, департаменттің жұқпалы және паразитарлық ауруларға эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Альхан Алмагүл мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Іс-шара Қазақстан Республикасының тарихына арналған бейнероликті көрсетумен аяқталды. Бейнероликте Конституцияның мемлекет пен қоғамның дамуындағы маңыздылығы айшықталды.