
2025 жылғы 22 тамызда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мектептік тамақтану стандартының енгізілуіне арналған аймақтық семинар өтті.

Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің медицина қызметкерлері, білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға жауапты тұлғалар, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өкілдері, сондай-ақ білім беру объектілерінде тамақтану қызметтерін көрсетушілер қатысты.

Семинар барысында жаңа Тамақтану стандартының негізгі ережелері мен талаптары талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.