
2025 жылғы 13 тамызда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде техникалық регламенттердің талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және аумақтық басқарма мамандарына практикалық көмек көрсету мақсатында жұмыс кеңесі өтті.

Талқылау барысында есептік деректерді уақтылы ұсыну және дұрыс толтыру, ББҚ жарнамасы бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ жедел ден қою шараларын (ЖДҚШ) қабылдау тәртібі мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауап алды.