Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
⚡️2025 жылғы 6 тамызда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а. Горлова Т.Л.-ның төрағалығымен Департамент пен аумақтық басқармалар мамандарына арналған семинар өтті.
⚡️Департамент басшысының м.а. Горлова Т.Л. өнеркәсіптік кәсіпорындарда «Салауатты жұмыс орындары» жобасын енгізудің мақсаты, қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру және кәсіптік жарақаттанудың алдын алу жөнінде айтып өтті.
✨Өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті нысандарды бақылау бөлімінің басшысы Остапенко С.В. жұмыс орындарын аттестаттау мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.
⚡️Мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау бөлімінің бас маманы Саитов Т.К. «ДДСҰ-ның “Салауатты жұмыс орындары” бастамасын облыс кәсіпорындарында енгізу алгоритмі» тақырыбында баяндама жасады.
✨Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.