📌«Косметологияның қауіптілігі»

📌«Косметологияның қауіптілігі»
⚡️Бүгінгі таңда косметология заманауи өмірдің ажырамас бөлігіне айналды: адамдар өздерін күтеді, ерте қартаюдың алдын алады және өзінің сұлулығы мен жастығын сақтайды. Бірақ кейде сұлулыққа деген ұмтылыс қайғылы аяқталады: ұзақ және күрделі түзетуді талап ететін, мүгедектік және тіпті өліммен аяқталатын ауыр асқынулар.
✨Косметологиялық қызметтерді косметолог пен медициналық персонал косметологтың нұсқауы бойынша көрсетеді, сондықтан орындаушыдан олардың білімі мен практикалық тәжірибесі туралы сұраған дұрыс. Косметологтың медициналық дәрежесі және косметология саласындағы оқуды аяқтағанын растайтын сертификаты болуы керек. Барлық құжаттар қызмет көрсетуге жарамды болуы керек.
⚡️Теріс салдардың негізгі себебі зарарсыздандырылмаған жабдық болуы мүмкін, соның арқасында жараның бетін мынандай герпес, В және С гепатиті, АИТВ сияқты ауыр инфекциялық ауруларды жұқтыру мүмкін.
✨Өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмеу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық нормалар мен ережелердің талаптарын сақтауды ұмытпаған жөн. Айта кету керек, косметологиялық кабинеттер коммуналдық объектісі болып табылады. Осы саланы реттейтін негізгі нормативтік құжат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 «Коммуналдық шаруашылық объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты қамтиды. Халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелерін реттейтін өзге де бұйрықтармен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
✨Төменде ҚР косметологиялық кабинетке қойылатын негізгі санитариялық талаптар көрсетілген: үй-жайларға қойылатын талаптар: косметологиялық кабинеттер, әдетте, коммуналдық кәсіпорындарда (қонақ үйлер, шаштараздар, моншалар және т.б.) орналасуы мүмкін. Тұрғын үй бөлігінен оқшауланған кіреберіс және автономды желдету жүйесі болған жағдайда оларды тұрғын үйлердің бірінші және жертөле қабаттарында орналастыруға рұқсат етіледі. Косметологиялық кабинеттер ыстық және суық сумен қамтамасыз етілген раковиналармен жабдықталуы керек. Косметологиялық кабинеттегі жұмыс орындарын қалқалармен бөлуге болады. Косметологиялық кабинет ауаны дезинфекциялау үшін жабық бактерицидтік ультракүлгін сәулелендіргіштермен жабдықталуы керек. Жабдықтар мен құралдарға қойылатын талаптар – зарарсыздандыру, дезинфекциялау, бір рет қолданылатын материалдарды пайдалану және таза заттар қорының болуы. Персоналға қойылатын талаптар – медициналық тексеруден өту, қол гигиенасы, жеке бас гигиенасы, жеке құрамның денсаулық жағдайы. Жалпы санитариялық талаптар – үй-жайларды тазалау, дымқыл тазалау, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы. Көрсетілген талаптар жалпы болып табылатыны маңызды. Толық және өзекті ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ тиісті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерге сілтеме жасау қажет.
✨Барлық санитариялық талаптарды сақтау клиенттердің де, қызметкерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфекциялардың таралуын болдырмау үшін міндетті болып табылады. Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарының тізбесі «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы №ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығында көрсетілген.
⚡️Есіңізде болсын! Косметикалық және косметологиялық қызметтерді ұсынатын ұйымдар медициналық қызметтерді көрсету ережелерінің талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтерге лицензияның болуы талаптарын қатаң сақтауға міндетті.
✨Сақтық шаралары сіздің денсаулығыңыз бен сұлулығыңызды сақтайды!