📌«Ит пен мысықтарды серуендету ережелері»

📌«Ит пен мысықтарды серуендету ережелері»
⚡️Үй жануарларын ұстау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қалада ит пен мысықтарды ұстаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Аталған үй жануарларының әрбір иесі жануарға дұрыс күтім жасау қажет екенін түсінуі керек. Сонымен қатар, мысық пен ит ұстау басқа азаматтардың құқықтарын бұзбауы және тазалыққа, тәртіпке және қауіпсіздікке қайшы келмеуі керек. Қазақстан Республикасының заңнамасымен үй жануарларын ұстау жағдайлары реттелген. Бұл ең алдымен адамдарды қорғауға және жануарларға қатысты қатыгездіктің алдын алуға бағытталған. Ұстауға қабылданған жануарлардың санына ешқандай шектеулер жоқ, алайда, әрбір үй жануары бірыңғай сәйкестендіру базасында тіркелуі керек. Бұл рәсімді ветеринарлық клиникада өтуге болады, яғни үй жануарыңызды тіркеп, оған ветеринарлық төлқұжат аласыз.
⚡️Үй жануарларын серуендету кезінде иелері келесі талаптарды сақтауы керек:
• ит қоғамдық орындарда екі метрден аспайтын қарғы баумен ұсталады;
• итке тасымалданған кезде, адамдар шоғырланған орындарда жүрген кезде тұмылдырық тағылады;
• кез келген тұқымды мысықтарды және олардың будандарын кеуделік тағып, қарғыбаумен серуендетеді;
• жол-көлік оқиғаларын және жануардың жолда мерт болуын болдырмау мақсатында көшені кесіп өткенде, жолдың жанынан өткен кезде үй жануарын қарғыбаумен ұстайды;
• ит иесі ғимаратта болған кезде итті босап кетуіне мүмкіндік бермейтін мықты қарғыбаумен және тұмылдырықпен ғимараттың қасында байлап қоюы мүмкін;
• иттерді серуендетуге тыйым салынған жерлерден өткен кезде ит иесі итіне тұмылдырық және қарғыбау тағып өткізуі керек.
✨Қалада итті қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз серуендету тек арнайы бөлінген жерлерде, атап айтқанда, жаттығу немесе еркін серуендеу алаңдарында рұқсат етіледі. Үй жануарының иесі оны санитариялық-ветеринариялық жағдаймен қамтамасыз етуге жауапты. Осылайша, мысықтар мен иттер кем дегенде тоқсанына бір рет егіліп, кенелер мен паразиттерге қарсы емделуі керек. Итпен серуендеу кезінде тазалық пен қауіпсіздікті сақтау қажет. Жануарды серуен бойы тұмылдырықпен жүргізудің қажеті жоқ, бірақ қажет болған жағдайда оны пайдалану үшін иесі тұмылдырықты өзімен бірге алып жүруі керек. Сондай-ақ, иесі жануарының соңынан нәжісін тазалап, оны арнайы қапшыққа салып, қоқыс жәшігіне тастауы керек.
⚡️Үй жануарларының иелері жануардың физикалық және физиологиялық қажеттіліктеріне назар аудара отырып, дұрыс ұстау жағдайларын қамтамасыз етуі керек, қажет болған жағдайда уақтылы медициналық көмек көрсетуі керек. Жануарды ұстауды жалғастыру мүмкін болмаса, оны арнайы ұйымға (баспана) орналастыру қажет. Жоғарыда аталған ережелер мен талаптардың барлығы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығында (2023 ж. 19.09.өзгерістермен) белгіленген.
✨Есіңізде болсын! Үй жануарларын ұстау басқалардың құқықтарын бұзбауы керек. Ит пен мысықтарды серуендету ережелерін сақтаңыз!