СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Ә.Т. Жұматаевтың төрағалығымен Департамент пен аумақтық басқарма мамандарына арналған семинар өтті.

Департаменттің ауруханаішілік инфекциялар жөніндегі бөлімінің басшысы Саду Б.Ж. «Тергеу актілерін жасау тәртібі туралы түсіндіру» тақырыбында баяндама жасады.

Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Дзубан В.А. санитариялық-эпидемиологиялық саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметтерді бекітілген стандарттар мен ережелер бойынша көрсетуге бақылау жүргізу және азаматтардың құқықтары туралы түсініктеме берді.

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Барданова А.В. қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді қолдану мәселелері бойынша баяндама жасады.

Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Барменбаев С.М. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сақтау және Әдеп кодексі туралы айтты.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.