⚡️Эхинококкоздың алдын алу

⚡️Эхинококкоздың алдын алу
📌Эхинококк – адам организмі үшін өте қауіпті гельминт. Эхинококк адамда эхинококкоз ауруын тудырады.Эхинококкоз – бұл адамның ағымы ауыр сырқаты. Бұл аурудың қоздырғышы – зоонозды биогельминтоз, қоздырғыштың ауызша берілу механизмі бар, ол ағзаның аллергиясымен және көбінесе бауырдың, өкпенің және түтікшелі сүйектердің зақымдалуымен сипатталады, онда паразиттердің дернәсілдері бар көптеген кисталық түзілімдер пайда болады. Эхинококкоз ауруы көбінесе мүгедектікке әкеледі, ал асқынған жағдайларда ол өліммен аяқталады.
⚡️Адамның инфекцияны жұқтыруы инвазияланған жануарлармен (иттер, ірі қара және ұсақ мал, жабайы етқоректілер) байланыс кезінде, жабайы жидектер мен шөптерді жинау және жеу кезінде, жабайы жануарлардың терісін өңдеу және сыдыру кезінде, тоғандар мен су қоймаларынан су ішу кезінде пайда болады. Иттер паразиттік кисталардан зардап шеккен жануарлардың ішкі мүшелерін жеу арқылы эхинококкозды жұқтырады.
⚡️Эхинококкоз ауруының алдын алу жұмыстары тек медициналық мекемелерге ғана емес, бірінші кезекте ветеринариялық қызметке де қатысты. Ең алдымен қаңғыбас иттермен күресті күшейтіп, міндетті түрде иттерге дегельминтизация жүргізу қажет. Бұл індетке қарсы халықпен бірге жұмыла күрескенде ғана айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады.
✨Аурудың алдын алу мақсатында келесі шараларды ұсынамыз:
- үй жануарларымен әсіресе итпен жанасқан жағдайда қолды міндетті түрде сабынмен жуу;
- аулалар мен иттердің орнын санитариялық таза күйде ұстау;
- иттерді эхинококкоз инфекциясына шалдыққан үй жануарларының етімен (ішкі ағзаларымен) тамақтандыруға қатаң тыйым салынады, себебі сол қорегі арқылы инфекция итке жұғады;
- көкөністер мен жемістерді мұқият жуу;
- тамақ әзірлеуге арналған ыдыстарды мұқият өңдеу.
⚡️Өзіңізге қамқор болыңыз!