📌Балаларыңызға cақ болыңыз: балалар жарақатының алдын алу-біздің ортақ міндетіміз!

📌Балаларыңызға cақ болыңыз: балалар жарақатының алдын алу-біздің ортақ міндетіміз!
⚡️Балалық шақ – балалардың алаңсыз ойын қуып өткізетін уақыты. Алайда, өкінішке орай, дәл осы кезеңде балалар қауіп-қатер алдында өте осал болып келеді. Балалардың жарақаттануы қазіргі уақытта ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады және біздің ортақ міндетіміз – балаларымызды қауіптен сақтау.
✨Жыл сайын мыңнан астам бала әртүрлі дәрежеде жарақат алып жатады, осы орайда олардың басым бөлігінің алдын алуға болатыны туралы атап өткен жөн. Баланың тұрмыста абайсызда соғылып құлап қалуынан бастап ауыр жол-көлік оқиғаларына ұшырауына дейін жарақаттанудың әрбір жағдайы ата-анаға ауыр тиеді. Айта кететіні, мұндай оқиғалардың басым бөлігі абайсызда, қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескермеу, қадағалау немесе білмеу салдарынан орын алып жатады.
⚡️Қауіп кез-келген жерден төнуі мүмкін.
Не істеу керек? Балаларды қауіптен сақтап қалатын қарапайым ережелер!
⚡️Балалардың жарақаттануының алдын алу әрқайсымыздан, яғни ата-аналардан, тәрбиешілерден, мұғалімдерден, сондай-ақ жағдайға бейжай қарамайтын азаматтардан басталады.
1. Үйді қауіпсіз мекенге айналдыру:
* Барлық қауіпті заттарды алып тастаңыз: дәрі-дәрмектерді, тұрмыстық химикаттарды, өткір заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Розетка бітеуіштерін пайдаланыңыз.
* Терезелер мен балкондар: бала оларды аша алмайтындай етіп терезелерге арнайы құлыптар немесе тежегіштерді орнатыңыз. Балаларды ешқашан балконда жалғыз қалдырмаңыз.
* Ыстық заттар қауіпті! Балаңызға плитаның, үтіктің, шәйнектің ыстық және қауіпті екенін түсіндіріңіз. Мүмкіндігінше плитаның айналасына кедергілер қойыңыз.
* Жиһаз: биік жиһазды (шкафтар, комод) қабырғаға бекітіңіз, сонда ол құлап кетпейді.
2. Көшеде қырағылықты сақтаңыз:
* Жол қозғалысы ережелері: балаларға жастайынан жол қозғалысы ережелерін үйретіңіз. Жолды қалай дұрыс кесіп өту керектігін көрсетіңіз, бағдаршам белгілерін түсіндіріңіз. Жолдың қасында тұрған кезде балаңызды қолынан ұстап тұрыңыз.
* Велосипедтер, скутерлер, роликтер: серуенге шығар алдында көліктің дұрыстығын тексеріңіз. Қорғаныс құралдарын қолдануды ұмытпаңыз: дулыға, тізе, шынтақ жастықшалары.
* Ойын алаңдары: ойын алаңының қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз, шығып тұрған шегелер мен сынған әйнектің бар-жоғын байқаңыз. Ойнап жүрген балаңызды бақылаңыз.
* Бейтаныс адамдар мен жануарлар: балаңызға бейтаныс адамдармен сөйлесуге және қаңғыбас жануарларды ұстауға болмайтынын түсіндіріңіз.
3. Табиғат аясындағы сақтық шаралар:
* Су қоймалары: балаларды ешқашан судың жанында, тіпті таяз суда жалғыз қалдырмаңыз. Қайықпен жүзу кезінде құтқару кеудешелерін кигізуді ұмытпаңыз.
* Улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтар: балаңызға бейтаныс жидектер мен саңырауқұлақтарды жеуге болмайтынын түсіндіріңіз.
* Кенелер: орманда немесе көгалда болған кезде репелленттерді қолданыңыз. Жаяу жүргеннен кейін баланың киімін кенелердің бар-жоғына қатысты мұқият тексеріңіз.
⚡️Балаларымыздың қауіпсіздігін сақтау – бұл біздің тікелей міндетіміз және біздің басты мақсатымыз екенін ұмытпаңыз. ✨Балаларыңызға қамқор болыңыз!