📌Тойжан Бейсетаева Мамлют аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды

📌Тойжан Бейсетаева Мамлют аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды
⚡️ СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев жұмыс сапары аясында Мамлют ауданының ұжымына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңа басшысын таныстырды.
📌 Басқарма басшысы қызметіне Бейсетаева Тойжан Ерікқызы тағайындалды.
⚡️ Тойжан Ерікқызы 1992 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельское ауылында дүниеге келген.
⚡️ 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша тәмамдаған.
⚡️ Еңбек жолын 2014 жылы СҚО денсаулық сақтау басқармасының Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасында дәрігер-статисті ретінде бастаған.
▪️ 2014–2017 жж. — Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасында ұйымдастыру-әдістемелік кабинетінің міндетін атқарушы;
▪️ 2017–2022 жж. — Мамлют аудандық орталық ауруханасының дәрігер-статисті;
▪️ 2022–2024 жж. — Мамлют аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің жетекші, кейін бас маманы;
▪️ 28.05.2024 ж. – 22.06.2025 ж. — Есіл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы.
⚡️ СҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әсет Жұматаев жаңа басшыға сәттілік тілеп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктеді.