
Кеңес барысында жұқпалы және паразиттік ауруларға сапалы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу мәселелері қаралды. Сондай-ақ, адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы екпені қоса алғанда, профилактикалық екпелермен қамтуға ерекше назар аударылды. Басқарма қызметкерлеріне басқарылатын инфекцияларға қарсы иммунопрофилактика мәселелері бойынша, оның ішінде екпеден бас тартатын адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап өтілді. Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз қамтамасыз ету мақсатында балаларды сауықтыру ұйымдарында тиісті санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру тапсырылды.