
Құтырма – бұл жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен сипатталатын ерекше қауіпті ауру. Құтырма қоздырғышының көзі – вирусты сілекеймен шығаратын ауру жабайы және үй жануарлары. Тістеген сәттен бастап құтырманың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін (судан қорқу, фотофобия, сілекей ағу, құрысулар, қозу, агрессивтілік) 10 күннен бір жылға дейін созылады.
Адамда құтырманың 99%-да инфекция жануарлар тістеуі мен тырнауы нәтижесінде пайда болады, жануарларды вакцинациялау арқылы аурудың болдырмауға болады.

Ауруды жұқтыру жағдайларының алдын алу мақсатында балаларға қаңғыбас жануарлармен қарым-қатынас жасаудың қаупі туралы түсіндіру; жануарды олардың мекендейтін жерлерінде мазаламау; үйдегі иттер мен мысықтарды құтырмаға қарсы егу; үй жануарларын арнайы бөлінген жерлерде серуендету.

Егер сізді жануар тістеп алса немесе сілекейлесе, онда тістелген және сілекейленген орынды сабындап жуып, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Дәрігер тағайындаған профилактикалық емдеу курсын толық көлемде алу қажет. Бұл аурудың алдын алады.