
Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында халықтың жаппай демалу және туризм нысандары ретінде пайдаланылатын 2-санаттағы 47 ашық су айдыны бар.

2024 жылғы су тасқынына байланысты бүгінгі таңда 5 бақылау нысаны жұмыс істемейді (Қызылжар ауданы – 4 демалыс базасы: Абакшино-1, Абакшино-2. Абакшино-3; Петропавл қаласында – Есіл өзенінің жағасындағы 1 жағажай).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша су айдындарының жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу аясында барлығы 338 су сынамасы зерттелді, оның ішінде:
– микробиологиялық көрсеткіштерге – 98 сынама,
– санитариялық-химиялық көрсеткіштерге – 98 сынама,
– вирусологиялық зерттеулерге – 29 сынама,
– паразитологиялық көрсеткіштерге – 56 сынама,
– тырысқақ вибрионына – 57 сынама.
Зерттеу нәтижелері бойынша стандартқа сай келмейтін су сынамалары анықталған жоқ.

Аумақтық басқармалармен кәсіпкерлік субъектілерімен кездесулер ұйымдастырылып, халықтың жазғы демалыс орындары мен қоғамдық тамақтану нүктелерін дайындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, су айдындарындағы халықтың жаппай демалатын орындарында санитариялық ережелер талаптарын сақтау және 2025 жылғы жазғы маусымға демалыс орындарын дайындау тақырыптарында семинарлар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына сәйкес, 2-санаттағы су айдындарынан су сапасына сынама алу шомылу маусымында жалғасатын болады.