Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара
📌 СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
⚡️ Құттықтау сөзін департамент басшысы Әсет Тұрғымбекұлы сөйледі. Ол әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, адал еңбегі мен өз ісіне деген жауапкершілігі үшін алғысын білдіріп, әр мемлекеттік қызметшінің еңбегі аса маңызды әрі жауапты екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол барша мемлекеттік қызметшілерге мықты денсаулық, отбасылық амандық және Отанымыз – Қазақстанның игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тіледі.
⚡️ Мереке қарсаңында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының жұмысына қосқан елеулі үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін департамент басшысы – СҚО-ның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ә. Жұматаевтың грамотасымен марапатталды:
✅ Әріпхан Салтанат Манабайқызы;
✅ Жәмпейісова Дина Бақытқызы.