
Қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі-темір тапшылығы анемиясы. Тыныс алу процесі кез-келген ағза үшін өте маңызды. Қандағы оттегін тасымалдайтын жалғыз зат-гемоглобин. Толыққанды гемоглобинді қалыптастыру үшін ағзаға тамақ арқылы түсетін темір қажет. Темірдің жетіспеушілігі салдарынан гемоглобин деңгейі төмендейді, яғни дененің жасушаларына оттегі аз түседі, темір тапшылығы анемиясы пайда болады.

Бүгінгі таңда азық-түліктің көп бөлігі технологиялық өңдеу нәтижесінде пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Оларды қалпына келтірудің ең жақсы тәсілі - дәрумендер мен микроэлементтермен байыту, атап айтқанда, көп жағдайда ұн нығайтылады. Себебі ұн қолайлы болып келеді, өйткені ол жаппай азық-түлік өнімдерінің бірі болып табылады және ұнды өнімдерді емес, ұнды фортификациялау тұтынушылардың қатарын арттыруға мүмкіндік береді.

Фортификация - ұнтақтау кезінде ұнға аз мөлшерде дәрумендер мен минералдарды (премикс деп аталатын витамин-минералды кешен) енгізу процесі, бұл өнімнің сапасы мен тағамдық құндылығын арттырады. Нан пісіретін ашытқы, нан, нан өнімдері және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер йод препараттарымен, В және Е тобының дәрумендерімен, никотин және фолий қышқылдарымен, дәруменді-минералды қоспалармен байытылуы мүмкін.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 111-бабында Қазақстан Республикасының аумағында астық өңдейтін кәсіпорындардың жоғары және бірінші сұрыпты ұнды микроэлементтермен және дәрумендермен міндетті түрде байытуы көзделген.

Фортификацияға бидай ұны кездейсоқ таңдалмаған. Бидай В1 (тиамин), В2 (рибофлавин), ниацин, В6 (пиродоксин) дәрумендерінің, сондай-ақ темір мен мырыштың көзі болып табылады. Алайда аталған микроэлементтердің барлығы астықтың сыртқы қабатында болғандықтан, олардың көпшілігі өңдеу кезінде жоғалады.

Сондықтан фортификация процесінде ұнға құнарлы микроэлементтер қосылады. Ұн тарту кәсіпорындарында жоғары және бірінші сортты ұнды өндірудің соңғы кезеңінде мөлшерлегіштің көмегімен премикс қосылады. Байыту процесі ұнның дәмін, түсін, иісін өзгертпейді, өнім сапасы қалыпты болып қалады. Фортификацияланған ұнды тұтыну қауіпсіз. Ұнды фортификациялау бидайды қызылдау кезінде жоғалтылған құнды микроэлементтердің орнын толтырады, сондықтан мұндай ұнды тұтынуға қарсы көрсетілімдер жоқ.

Өзіңізде және жақындарыңызда темір тапшылығы анемиясының алдын алу мақсатында темір мен фолий қышқылымен байытылған ұн мен нанды таңдаңыз.