Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌2025 жылғы 19 маусымда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
А.С. Күшбасовтың төрағалығымен семинар-кеңес өтті. Іс-шараның мақсаты — СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мен медицина қызметкерлерін оқыту.
⚡️Іс-шараға Департаменттің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Б.Ж. Саду және «Көпбейінді облыстық аурухананың» кардиологиялық орталығының эпидемиолог дәрігері Т.В. Краснова қатысты.
⚡️Семинар барысында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау, денсаулық сақтау нысандарында қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, дезинфекция мен стерилизацияға ұтымды көзқарас мәселелері талқыланды.
✨Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасты. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.