📌Жіті ішек инфекцияларынан өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?

📌Жіті ішек инфекцияларынан өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?
⚡️Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – бұл бактериялар мен вирустар туындататын аурулардың үлкен тобы. Қауіпті қоздырғыштарға мыналар жатады: сальмонелла, шигелла (дизентерия), ротавирустар, энтеровирустар.
Олар көбіне лас қол, ластанған тағам, су және тұрмыстық заттар арқылы жұғады. ⚡️Негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, сұйық нәжіс және әлсіздік. Ауру өте тез дамиды – инкубациялық кезеңі 6 сағаттан 2 тәулікке дейін аралықты құрайды.
⚡️Қарапайым ережелерді сақтау ЖІИ жұқтыру қаупін төмендетуге көмектеседі:
✅Қауіпсіз тағам өнімдерін таңдаңыз. Жарамдылық мерзімін тексеріп отырыңыз, жеміс-жидектер мен көкөністерді ағынды сумен жақсылап жуыңыз. Жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді қолдануға болмайды.
✅Тағамдарды дұрыс сақтаңыз. Дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз.
✅Тамақты қолданар алдында мұқият қыздырыңыз. Бұл сақтау кезінде көбейген зиянды микробтарды жоюға көмектеседі.
✅Айқаспа ластанудан сақтаныңыз. Шикі және дайын тағамдардың жанасуын болдырмаңыз, әсіресе нанмен, қантпен, ірімшікпен.
✅Қолды жиі жуыңыз. Қолды тамақ ішер алдында, әжетханадан кейін, ас әзірлеу кезінде әр үзілістен соң сабынмен жуу қажет.
✅Тағамдарды жәндіктер мен кеміргіштерден қорғаңыз. Олар түрлі инфекцияларды тасымалдаушы болуы мүмкін.
✅Таза суды пайдаланыңыз. Ішуге, тамақ әзірлеуге және ыдыс-аяқ жууға тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз. Ашық су көздерінен су ішпеңіз.
✅Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Су айдындарында және бассейндерде шомылғанда судың ауызға түсуіне жол бермеңіз.
✅Есіңізде болсын: алдын алу – бұл өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолы!