📌 СҚО-ның бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әсет Жұматаев жұмыс сапарымен М. Жұмабаев ауданына барды.
Жұмыс сапары аясында СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Т. Жұматаев аудан әкімі Р.Н. Смағұловпен бірге балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша «Березка» балалар сауықтыру лагеріне барды.
Сондай-ақ департамент басшысы күрделі жөндеу жұмыстары басталған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ғимаратын аралап көрді.