📌Атмосфералық ауа назарда

📌Атмосфералық ауа назарда
⚡️Атмосфералық ауаның ластануы адам денсаулығына әсер ететін маңызды экологиялық факторлардың бірі болып табылады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында атмосфералық ауаның жағдайы тұрақты бақылауға алынған.
⚡️Облыс бойынша атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындылар шығаратын 59 нысан бақылауда. Барлық көздерден атмосфералық ауаға 27 ластаушы зат шығарылады, олардың ішіндегі 9-ы қауіптіліктің 1-2-ші сыныбындағы заттар.
⚡️Атмосфералық ауа сынамаларын алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығымен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде қаланың магистральдық көшелерінде, қоныстану және өнеркәсіптік аймақтарында және облыстың барлық аудандарында жүзеге асырылады.
⚡️Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының (санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер, әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар) талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.
⚡️2025 жылдың 4 айында атмосфералық ауаның 9655 сынамасы іріктеліп алынды, оның ішінде 16 ауа сынамасында шекті рұқсат етілген концентрациядан асу анықталды.
⚡️Анықталған шекті рұқсат етілген концентрациядан асу бойынша тиісті органдарға ұсыныс хаттар жіберілді.
⚡️Атмосфералық ауа сынамаларын алу мониторингі санитарлық қызметтің тұрақты бақылауында және жалғасуда.