
2025 жылғы 4 маусымда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
А.С. Күшбасовтың төрағалығымен «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар» және «Ботулизм аурушаңдығын уақтылы зерттеу» тақырыптарында семинар өтті.

Семинарға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, сондай-ақ қоғамдық тамақтану және денсаулық сақтау объектілерінің басшылары қатысты.

Семинар барысында қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар мен ботулизм жағдайларын уақтылы зерттеу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.