📌Санитариялық қызмет ардагері: Медицина қызметкерлері күніне орай

📌Санитариялық қызмет ардагері: Медицина қызметкерлері күніне орай
📌 Мараш Жағалбайқызы Ғиззатова санитариялық-эпидемиологиялық қызметте 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Омбы қаласындағы медициналық училищені санитарлық фельдшер мамандығы бойынша бітірген соң, еңбек жолын Көкшетау облысы Ленин ауданы, Талшық кентіндегі Ленинград аудандық СЭС-інде санитар дәрігердің көмекшісі болып бастаған.
⚡️Әр жылдары энтомолог дәрігердің көмекшісі, медбике, жетекші маман болып жұмыс істеген.
📌 Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының СЭБД Ақжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, жоспарлау және қызметті талдау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарады.
🎖️Көп жылғы адал еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Комитет, Департамент және облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған.
🎙️«Медицина қызметкерлері күні қарсаңында барша әріптестерімді және солтүстікқазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңырақта бейбітшілік пен амандық болсын, денсаулықтарыңыз мықты болсын. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып, еңбегіміз елене берсін», – дейді маман.
🎙️«Санитариялық қызмет – бұл күнделікті тынымсыз әрі жауапты еңбек. Біз үнемі көзге көріне бермейміз, бірақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы біздің жұмысымызға тікелей байланысты. Осы саланы өмірлік кәсібім еткеніме мақтанамын», – дейді Мараш Жағалбайқызы.