
Татьяна Анатольевна Кунц – 41 жылдан астам еңбек өтілі бар санитарлық қызмет маманы. Ол 1962 жылы 24 сәуірде (Ресей) Костромский облысы Павинский ауданының Рябиновцы ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Қостанай медициналық училищесін «Санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Тимирязев аудандық СЭС-те эпидемиологтың көмекшісі болып бастады, сол лауазымда 2003 жылға дейін жұмыс істеді.

2020 жылдан 2022 жылға дейін - СҚО СЭБ департаментінің Тимирязев аудандық басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

«Халық алғысы» медалімен, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2022 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.