
2025 жылғы 30 мамырда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандарымен бірлесіп, аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырып, өткізді.

Семинардың мақсаты – эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының кәсіби даярлық деңгейін арттыру және аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру болды.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.