
2025 жылғы 28 мамырда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде білім беру ұйымдарында Тамақтану стандартын енгізу бойынша өңірлік семинар өтті.

Семинар жұмысына білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға жауапты медицина қызметкерлері, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өкілдері, сондай-ақ білім беру нысандарын тамақпен қамтамасыз ететін қызмет көрсетуші ұйымдар қатысты.

Семинар барысында жаңа Тамақтану стандартының негізгі ережелері мен талаптарымен таныстыру мәселелері қаралды.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.