Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌 2025 жылғы 27 мамырда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен департамент пен аумақтық басқармалар мамандарына арналған семинар өтті.
🔸Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзудың профилактикасы мәселелері қаралды.
⚡️СҚО Дін істері басқармасының Діндер арасындағы қарым-қатынасты талдау және дамыту орталығының сарапшы-талдаушысы Е.О. Березина баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ұйымдарға тартылуына жол бермеу шараларын түсіндірді.
✨С.М. Барменбаев мемлекеттік қызметшілер арасындағы лудомания қаупіне тоқталып, құмар ойындарға, оның ішінде онлайн-платформаларда ойнауға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді еске салды.
🤝 Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.