Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және аудандық басқармаларымен қоршаған орта объектілерінің жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті (бұдан әрі – СЭМ) жүзеге асырады.
2025 жылдың 1 тоқсанында СЭМ жүргізу барысында орталықтандырылған су құбырларынан санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 284 су сынамасы, микробиологиялық көрсеткіштерге 70 су сынамасы зерттелді, оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмегені анықталмады.
СЭМ барысында микробиологиялық көрсеткіштерге II санаттағы су айдындарынан 8 сынама санитариялық-химиялық көрсеткіштерге, микробиологиялық көрсеткіштерге 70 су сынамасы зерттелді, оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмегені анықталмады.
Қала бойынша атмосфералық ауаның сапасын бақылауға 82 бақылау нүктелері анықталған. СЭМ барысында қала аумағынан атмосфералық ауаның 5595 сынамасы алынды, оның ішінде шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШРК) жоғары болған сынамалар анықталмады.
Елді мекендерде, рекреация аймақтарында, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтарында, санитариялық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерге 42 топырақ сынамасы зерттелді, зерттеу нәтижелері бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмегені анықталмады.