Сіздерге сауда орындарынан алкогольді өнімдерді сатып аларда Wipon cashback мобильді қосымшасын қолдануды ұсынамыз.
Wipon cashback мобильді қосымшасы - бұл App Store және Play market платформаларында жүктеуге болатын өнімнің түпнұсқалығы туралы ақысыз ақпарат алмасу бағдарламасы.
Wipon cashback мобильді қосымшасы - бұл сатып алушыларды жалған өнімдерден қорғауға және қауіпсіз тұтынуды қамтамасыз етуге арналған ақысыз құрал. Есепке алу маркасын сканерлеу арқылы сатып алудан бұрын алкогольдің заңдылығын тексеру денсаулыққа жағымсыз салдарларды болдырмауға көмектеседі.
Тіркелу үшін телефон нөміріңізді және оған автоматты түрде келетін SMS кодын енгізу жеткілікті. Әрі қарай, жүйеге кіру үшін кейінірек енгізілетін құпия сөзді ойлап табу керек.