Шымкентте АПВ-ға қарсы екпе туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері «Адам папиллома вирусына қарсы вакцинаның маңызы» тақырыбында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мамандарына түсіндірме семинар өткізді.
Қаламызда ағымдағы жылдың 1 қазанынан 11 жасар қыздарға ата-анасының немесе қамқоршысының ақпараттандырылған келісімімен, тегін адам папиллома вирусына қарсы вакцинация салынуда.