Балалар арасында тамақтан уланудың алдын алу және мектептерде тамақтануды ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Балалар арасында тамақтан уланудың алдын алу және мектептерде тамақтануды ұйымдастыру мәселелері талқыланды
Шымкент қаласы Тұран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері аудан аумағындағы мектеп директорлары және мектеп асханаларының жеке кәсіпкерлерінің қатысуымен тамақтан уланудың алдын алу мақсатында семинарлар өткізді.
Семинарда ас блоктарындағы санитариялық қауіпсіздік, тамақтан уланудың алдын алу, тиімді тамақтану, мәзір әзірлеу ережелері, қауіпсіз тамақ өнімдері тақырыптары қамтылды. Сонымен қатар, қатысушыларға балалар мен ересектер арасында тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың пайда болуының алдын алу және болдырмау мақсатында барлық санитариялық ережелерді, санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды қатаң сақтау ұсынылды.