21-сәуірден Еуропалық иммундау апталығы басталды

21-сәуірден Еуропалық иммундау апталығы басталды

Жыл сайын, 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасында Иммундау аптасы өткізіледі.

Қазақстанда иммундау мәселесі денсаулық  сақтау аумағында басымды бағыттардың бірі. Халықты вакцинациялаудың нәтижесінде вацинамен басқарылатын жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейі едәуір төмендеді.

Иммундау халық  сырқаттанушылығын, өлім-жітімі мен жұмысқа жарамсыздығын болдырмаудың емдеу құнына қатысты экономикалық тиімділігі жоғары шарасы болып табылады.

Бүгінде иммундаудың еш баламасы жоқ.

2024 жылы сәуірдің 21 мен 27-сі аралығында «Вакцинация: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтеді! Иммундау апталығының мақсаты – барлық жастағы адамдарды аурулардан қорғауға жәрдемдесу, адам өмірінің барлық кезеңдерінде вакцинациялаудың пайдасы жөнінде халықты және медицина қауымын, оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлеріне вакцинациялаудың маңыздылығы туралы хабардар ету.

Иммундау апталығы аясында Шымкент қаласындағы тұрғындар арасындағы сырқаттанушылыққа әсерін тигізетін егілусіз қалып қойған вакцинадан бас тартушыларға және тіркеусіз, тұрақты мекенсіз өмір сүретін халықтың қиын топтарына ерекше назар аударылады.

Иммундау аптасы қала аумағында тұратын халықтың  барлық топтарының назарын иммундаудың маңызына аударуға көмегін тигізеді.

Жекелеген тұлғалардың, ең алдымен, ата-аналардың егу жөніндегі білімін көтеру  өз балаларының егілуіне саналы түрде қарап, ақпараттық келісімін жазбаша берумен, олардың уақтылы егілуін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында вакцинация жасау тегін және қолжетімді!

Құрметті ата-аналар! Балалардың болашағына бей-жай қарамай, екпе алуына аса назар аударған жөн!

 Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!