Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу мәселелері талқыланды

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың  алдын алу мәселелері талқыланды

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Qosyl» желісі арқылы «Атамекен» ҰКП  Шымкент қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлескен  түрде жеке меншік медициналық клиникалардың қызметкерлерінің қатысуымен  семинар өткізді.

Семинарда қаралған тақырыптар:

  1. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар;
  2. Профилактикалық егулер;
  3. Адам папилома вирусына қарсы егудің маңызы.

Семинарда медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу, дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, профилактикалық егулер, адам папиломасы вирусына қарсы вакцинация мәселелері талқыланды.