Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру тәртібі түсіндірілді

Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру тәртібі түсіндірілді

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен аудандық басқармалар мамандарының және Шымкент қаласында бақылаудағы дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық қызмет көрсететін мекемелердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде «ҚР ДСМ 30.12.2020 жылғы ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 03.11.2022 жылғы ҚР ДСМ ҚР ДСМ-126 бұйрығы 2 қосымшасы негізінде «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы түсіндірілді.

Дөңгелек үстел барысында, мекемелер тарапынан линцензия алуда тапсырылатын құжаттар тізімі айтылып, талқыланды.