Баспасөз релизі: ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 08.02.2024 жылғы №2 қаулысы және Шымкент қаласындағы КВИ, ЖРВИ/тұмаумен сырқаттану туралы

Баспасөз релизі: ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 08.02.2024 жылғы №2 қаулысы және Шымкент қаласындағы КВИ, ЖРВИ/тұмаумен  сырқаттану туралы

2024 жылдың басынан Шымкент қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы тұрақты, дегенмен соңғы айларда коронавирусты инфекцияның (XII.23ж. - 4, I.24ж.-10, 14.02.24ж. дейін - 20) өсуі байқалады. Қайтыс болған жағдайлар тіркелмеді.

2024 жылдың бүгінгі таңына  COVID-19  инфекциясымен 30 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен - 30, симптомсыз - 0. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 4 жағдай тіркелді. Аурушаңдық 2023 жылдың осы мезгілімен салыстырғанда  2,3 есеге төмендеген. 

Барлығы 30 коронавирус инфекциясының ошағы анықталған, оның ішінде  2-уі ұйымдасқан ұжымдарда тіркелген.  

Бүгінгі таңға 22 белсенді ошақ қадағалануда, оның  20-сы үй ошақтары,  2-еуі ұйымдастырылған ұжымдарда. Барлық тіркелген үй ошақтары мен ұйымдастырылған ұжымдарда індетке қарсы іс шаралар жүргізілуде, 142 қарым-қатынастағылар анықталып, «COVID-19»-ға медициналық бақылауға алынған, олардың арасында ауырғандар тіркелген жоқ. 

Науқастарды ерте анықтау және індеттің таралуына жол бермеу мақсатында 252 зертханалық тексерулер жүргізілді, оның ішінде оң нәтиже бергені - 30 (11,9%).

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және тұмау – тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы.

ЖРВИ/тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық ахуалы адамдар арасында салыстырмалы тұрақты.

Қалада 2023-2024 жылдың (қазан мен сәуір айлары аралығы) эпидемиологиялық маусымында тұмау ауруының 138 жағдай А (Н3N2) түрі, 1 В түрі тіркелді. Өткен эпид.маусымда (2022 - 2023 жылғы) тұмау ауруының А (Н3N2) түрімен 4 және В түрімен 100 жағдай анықталған. Сырқаттанушылық деңгейі 1,3 есеге жоғарылаған. Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 46 жағдай (33,0%).

Ағымдағы жылдың эпид.кезеңінің 4-аптасында 2079 жағдай, ал 5-аптасында 2318 жағдай тіркеліп, салыстырмалы түрде аурушаңдық 1,1 есеге жоғарылаған.

ЖРВИ сырқаттанушылығының ішінде тұмау емес вирустар биылғы эпид. маусымда 16 жағдай, өткен эпид. маусымда 20 жағдай тіркелген.

ЖРВИ мен тұмаудың клиникасы ұқсас. Науқастың тыныс алу жолдарының зақымдануымен ауру белгілері өте жіті басталатын, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғарылауы, бастың қатты ауыруы (ауруды басатын препараттарды қабылдағаннан күнде де), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқта геморрагиялық бөртпелер пайда болатын жұқпалы ауру.  ЖРВИ/тұмаудың асқынуы вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  08.02.2024 жылғы «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» №2 қаулысымен ҚР халқының арасында ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирус инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар) таралуының алдын алу мақсатында:

  1) медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуы;

  2) халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету;

  3) халықтың көп жиналатын жерлерінде (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалану ұсынылған.

 

Қосымша ақпарат:

 

  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 104-бабының 2-тармағы;
  • ҚР ДСМ 27.05.2021 жылғы ««Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-47 бұйрығы;
  • ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 11.09.2022 жылғы «Тұмау және ЖРВИ жөніндегі 2023-2024 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» №6 қаулысы;
  • ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 02.2024 жылғы «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» №2 қаулысының негізінде ауа тамшы арқылы берілетін инфекциялардың жаппай сырқаттанушылығын болдырмау мақсатында, халық арасында бұрқаулармен топтық сырқаттанушылықтың алдын алу ісшаралар жүргізіледі:
  1. суықтаудың клиникалық белгілері бар науқасты дер кезінде үйінде, ауруханада немесе ұйымдасқан ұжымның фильтр бөлмесінде оқшаулап, науқастың ауырлық жағдайына қарай дәрігердің тағайындауымен амбулаториялық немесе ауруханалық (ауырлықтың орташа және ауыр дәрежесінде өтетін ЖРВИ және тұмау белгілері, жүрек-қан тамыр, өкпе, бөліп шығару, эндокриндік жүйе тарапынан қоса жүретін созылмалы аурулары мен гематологиялық патологиясы бар науқастар) және эпидемиологиялық (сәбилер үйлерінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, интернаттарда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), жатақханаларда тұратындар) стационарда ем қабылдайды;
  2. емханаларда, білім беру және мектепке дейінгі нысандарда, жоғары және орта білім беру мекемелерінде келушілер мен жұмыскерлерді (мұғалімдерді, оқушыларды, тәрбиешілерді) және балаларды күнделікті «кіру» сүзгісінен медициналық қызметкерлер немесе ішкі кестеге сәйкес кезекшілер өткізу керек. Респираторлық инфекция белгілерімен (жөтел, мұрыннан су ағу, дене қызуы 370С жоғары) білім беру ұйымдарына және бала-бақшаға кіруіне жол берілмейді;
  3. ұйымдасқан ұжымдарда жеке қорғаныс құралдарын (санитайзерлердегі антисептикті) дұрыс пайдалануға үйрету және дұрыс орындау. Қолды жиі жуып, кептіргішпен кептіру керек;
  4. барлық мекемелердің бөлмелерін дезинфекциялау және жуу құралдарымен күніне 2-3 реттен ылғалды жуып-тазартумен 15 минуттан жиі желдетіледі;
  5. стационар бөлімшелері бойынша медицина қызметкерлерінің қозғалысын және келушілер санын шектей отырып, БМСК мекемелерінде, стационарлардың, перзентханалардың, жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық персоналы үшін бетперде режимін сақтау қажет;
  6. әрбір 3 сағат сайын медициналық маскаларды ауыстыру есебімен, қолданылған жеке гигиена заттарын уақтылы кәдеге жарату арқылы қызметкерлер бір рет қолданылатын маскалармен қамтамасыз етіледі;
  7. адамдар бар кезінде ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылғыларды пайдаланып, бөлмелерді залалсыздандырылу қамтамасыз етіледі;
  8. ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанға дейін көпшілік және ойын-сауық іс-шараларын өткізу шектеледі;
  9. балалардың сабаққа қатыспау себептерін анықтау және сырқаттану жағдайлары туралы медициналық ұйымдарға, аудандық СЭББ-ға хабарлау арқылы балалар мен қызметкерлердің күнделікті келуіне мониторинг жүргізіледі;
  10. ұйымдасқан ұжымдардың ғимаратының әрбір қабатында немесе сыныпта ЖРВИ мен тұмауға күдікті балаларды уақтылы анықтау үшін санитариялық посттардың жұмысы ұйымдастырылады;
  11. оқу кабинеттерінде, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларды желдетілетін үй-жайлардан шығару кезінде үзілістердің ұзақтығын 10 минуттан 15 минутқа дейін созу арқылы желдету режимі күшейтіледі;
  12. үй-жайларда + 18 ºС-тан + 22 ºС-қа дейін температуралық режим қамтамасыз етілуі тиіс және арнайы бейіндегі бөлмелер қатаң түрде мақсаты бойынша пайдаланылуы керек;
  13. білім беру мекемесінде (мектепке дейінгі топтағы) бір сыныптағы (мектепке дейінгі тобындағы) балалар арасында бір мезгілде 20%-дан 30%-ға дейін пайда болған топтық ЖРВИ аурулары анықталған кезде сыныпта (топта) оқу процесін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментін (әрі қарай - СЭБД), Денсаулық сақтау басқармасын (әрі қарай - ДСБ), аумақтық СЭББ хабардар етумен уақытша тоқтатылады. Байланыста болған адамдарға 7 күн медициналық бақылау жүргізіледі, білім беру ұйымдарында кабинеттік оқыту жүйесі тоқтатылады, ЖРВИ-мен соңғы анықталған науқастан кейін 7 күн инкубациялық кезеңде топқа (сыныпқа) жаңа балалар қабылданбайды;
  14. білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында эпидемиялық процесте ЖРВИ-мен ауырған науқастардың жалпы саны 30 % және одан жоғары болған жағдайда тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында ЖРВИ-мен соңғы науқас анықталғаннан кейін инкубациялық кезеңге оқу процесі СЭБД, ДСБ, аумақтық СЭББ хабардар етуімен уақытша тоқтатылады;
  15. оқушыларға жеке гигиена ережелерін сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша тақырыптық диктанттар жаздыру сондай – ақ қызметкерлер мен ата-аналар арасында санитарлық-ағарту жұмыстары мәселелері бойынша әңгімелесу жүргізіледі;
  16. халықтың көп жиналатын жерлерінде (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалану ұсынылады.