Қоғамдық тамақтану, тағам өнімдерін өндіретін, сауда нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Қоғамдық тамақтану,  тағам өнімдерін өндіретін, сауда нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Эпидемиологиялық маңызды нысандар атқаратын қызметіне байланысты нормативті құқықтық актілерге сай (бұдан кейін-НҚА) санитариялық талаптарға сәйкестендірілуі тиіс. Сондықтан көпшіліктің назарында жүретін қоғамдық тамақтану, тағам өнімдерін өндіретін, көтерме және бөлшектеп сататын сауда нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық басты талаптарға қысқаша тоқталып өтейік. Бүгінгі таңда тағам гигиенасы саласындағы басты НҚА нысанның атқаратын қызметіне байланысты:

- ҚР ДСМ 17.02.2022ж. №16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы;

- ҚР ДСМ 28.04.2021ж. №36 бұйрығымен бекітілген «Азық-түлік өнімдерін өндіретін нысандарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы;

- ҚР ДСМ 20.08.2021ж. №83 бұйрығымен бекітілген «Кондитер өнімдерін өндіретін нысандарға, өндіру, орау, тасымалдау, сақтау, сату мен жою жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы;

- ҚР ДСМ 04.08.2021ж. №73 бұйрығымен бекітілген «Азық-түлік өнімдерін көтерме және дара сату  нысандарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы;

- ҚР ДСМ 23.11.2021ж. №123 бұйрығымен бекітілген «Алкогольді, алкогольсіз, ыдысқа құйылған ауыз су  өнімдерін өндіретін нысандарға, алкогольді, алкогольсіз, ыдысқа құйылған ауыз су  өнімдерін өндіру, сақтау жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптары негізінде тексеру жүргізіледі.

 

Осы қолданыстағы қағидалаға басты ортақ талаптар қысқаша:

- бөлмелердің ішкі әрленуі,  атқаратын қызметіне сай  залалсыздандыру сұйықтарының әсеріне төзімді материалдардан әрленеді;

- ауыз  су, ыстық су,  лас су, жарық жүйелерімен жабдықталады. Түрлі деңгейдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін келушілер мен персоналға арналған раковиналар қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақталады;

- тамақтану объектілерінде желдету және (немесе) ауа баптау, жылумен жабдықтау жүйелері көзделеді, ал өндірістік, қосалқы бөлмелерінде  сору-сыртқа тарату желдеткіші (ылғал, ыстық және газ бөлу орындары) тұрғын және өзге де мақсаттағы ғимараттың немесе оған жапсарлас салынған ғимараттың желдету жүйесінен бөлек құрылады, шудан қорғау шаралары көзделеді;

- объектінің шаруашылық аймағында, арнайы белгіленген орында су өткізбейтін жабыны бар, қоқыс және тамақ қалдықтарын жинауға арналған бөлек контейнерлер (жабылатын сыйымдылықтар, конструкциялар) орнату арқылы, тек оларды жинауға және сақтауға пайдаланылатын, жарамды жағдайдағы, оларды тазалауды, жууды және жануарлардың кіруінен қорғауды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаның ластануын, оларға атмосфералық жауын-шашынның, ылғалдың түсуін болдырмайтын қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған алаң көзделеді;

- азық түлік өнімдерін дайындау, өндіру, сату үшін пайдаланылатын азық-түлік (тағамдық) шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың әрбір партиясы қабылдау, сақтау, тасымалдау және сату кезінде олардың қадағалануын және қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бірге жүреді. Тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетіледі;

- барлық тағам объектісінде санатына, типіне, түріне, қуаттылығына, меншіктік нысанына қарамастан өндірістік бақылау ұйымдастырылады, яғни ХАССП қағидатына негізделген (қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері) рәсімдерді әзірлейді, енгізеді;

- жабдықты пайдалану, жуу және дезинфекциялауды оларды пайдалану, жуу және дезинфекциялау жөніндегі өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырады;

- персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар – жеке және арнайы киімдер мен аяқ киім бөлек сақталатын киім ілетін орын, екі жаппалы бір шкаф, тамақ қабылдау үшін үй-жай (орын) көзделеді. Арнайы киімдерді жуу және дезинфекциялауды жүргізу және ұйымдастыру орталықтандырылып жүзеге асырылады;

- медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасы жұмыс орнында сақталады;

- азық-түлік шикізаты мен дайын тамақ өнімдерін (ет, құс еті, балық, көкөнiстер, аскөк, ет, сүт өнімдерін, нан және нан-тоқаш бұйымдары, аспаздық, ұннан жасалған аспаздық, кондитерлік бұйымдар) бөлшектеу үшін өңделетін тамақ өнімдеріне сәйкес, әріпті және (немесе) түрлі-түсті таңбалауды пайдаланып таңбаланған жеке бөлшектеу мүкәммалдары (бөлшектеу тақтайшалары, пышақтар) мақсаты бойынша пайдаланады. Бөлшектеу тақтайшалары мен пышақтарды олармен өңделетiн өнiмдерге сәйкес таңбалайды және қатаң түрде мақсаты бойынша пайдаланады;

- салқын тағамдарды, жұмсақ балмұздақтарды, кремі бар кондитерлік бұйымдарды дайындауға арналған цехтардағы (үй-жайларда, бөлімшелерде, учаскелерде) өндірістік үстелдердің үстіне бактерицидтi (стационарлық немесе жылжымалы) сәулелендіргіштер орнатылады, олардың орналасқан орны, режимі және өңдеу тәртібі, пайдалануы, олардың жұмыс уақытының есебі бактерицидті сәулелендіргішті пайдалану жөніндегі өндіруші нұсқаулығына сәйкес қойылады;

- күнделікті нысан жұмыскерлерде іріңді аурулардың, шағын жарақаттардың болмауына бақылау жүргізеді. Терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының катарасы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдардың жұмысқа  жіберілмейтінін ұсына келе, қоғамдық тамақтану, тағам өнімдерін өндіретін, көтерме және бөлшектеп сататын сауда нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда, тұтынушылар арасында  улану, жаппай улану жағдайларының және тұрғындардың өмір сүру ортасында зиянды физикалық факторлар  әсері мен жағымсыз иістердің тіркелуіне себепкер болатынын назарларыңызға саламыз.