Бүгін "Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күрес күніне" орай Шымкент қаласының
Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық алаңында ЖИТС-тың алдын алу жолында қалада атқарылып отырған жұмыстар туралы брифинг өтті. Брифингке Тұран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, сонымен қатар денсаулық сақтау ісінің салалық мамандары қатысып, Шымкент қаласындағы ЖИТС ауруының тіркелуі, оның алдын алуда атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.