Тағамнан уланудың алдын алу мақсатында семинар өткізілді

Тағамнан уланудың алдын алу мақсатында семинар өткізілді

Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі (ары қарай - ЕПМ) тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен науқастар тарапынан сын-ескертпелер,  шағымдану жәйттерінің алдын алу бағытында, Шымкент қаласы аумағындағы ЕПМ асхана қызметін жүргізетін жеке кәсіпкерлерінің, заңды тұлғаларының, мекеме асханасының қызметіне жауапты қызметкерлердің, департаменттің, аудандық басқарма мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.

         Семинарда:

          - 15 емдік диеталық столдарға, диеталық тәртіп аурудың ерекшелігіне, оның кезеңдеріне, сырқаттың жағдайына қарай белгіленетінін, кез-келген диета емдік тамақтандырудың келесі негізгі принциптерімен сипатталуы керек екендігі: калориялығы және химиялық құрамы (ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар, дәрумендердің белгілі мөлшері) әр тағамда сақталыну қажеттігіне, тағамдық құндылыққа (химиялық құрамы, энергетикалық құндылығы (калориялылығы)  тікелей, тағам әзірлеу кезінде шикізаттар тиісті мөлшерден кем және асыра  салынбауы тікелей себепкер болатыны, сондықтан күн сайынғы тарату мәзірі дұрыс жасалынуы тиіс екендігі;

          - қызмет көрсету барысында тамақтан улану мен ботулизм ауруының тіркелу жағдайының алдын алу бойынша, қолданыстағы НҚА  талаптарының нысандарда сақталуы, нысан қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын, өнімдердің сақталуына, әзірлеуге тасымалдануына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы, үй жағдайында әзірленген консервленген, кептірілген өнімдерді пайдаланбау  және т.б.талаптар;

           - тағамдағы темір және фолий қышқылы сияқты витаминдер мен минералдардың жетіспеушілігі себебінен болатын теміржетіспеушілігі анемиясының алдын алу үшін фортификацияланған ұн мен йод тапшылығының алдын алу бойынша йодталған тұзды пайдалану қажеттігі түсіндірілді.