
Шымкент қаласында 2023 жылдың ағымдағы мерзімінде ботулизм ауруы тіркелген жоқ, 2022 жылы ботулизмнің 1 жағдайы тіркелген.
Қазір көкөністер мен жеміс-жидектерден салаттар, тұздықтарды қысқа дайындау (консервілеу) маусымы басталды. Уақыт өте келе, үй жағдайында дұрыс дайындалмаған өнімдерді тұтыну салдарынан кейбір тұрғындар ботулизм ауруына ұшырайды.
Осыған байланысты, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботулизмнің алдын алу үшін үйде консервілеу кезінде барлық ережелерді қатаң сақтау керектігін еске салады.
Ботулизм улы ботулотоксиннің әсерінен жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын нерв жүйесінің зақымдануымен жүретін аурудың ауыр түрі, уақтылы емдеу мекемесіне қаралмау нәтижесінде тез арада өлімге әкелетін тамақтан уланудың бір түрі.
Ботулизмнің қоздырғышы clostridium botulini анаэробты жағдайда көбінесе ауа жоқ жерде көбейеді және улы ботулотоксин бөледі. Ерекшелігі де осында, яғни тағамның түсі, түрі еш өзгеріссіз қалпында қалады. Аурудың ерте белгілеріне аз уақыт ішінде байқалатын тамақтан улану симптомдары жатады (жүрек айну, құсу, бас ауру), әрі қарай бұл ботулизм ауруына, тән, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы белгілеріне ауысады.
Адамның ағзасының улануы көбінесе үй жағдайында технологиялық әзірлеу талабы сақталмай әзірленген азықтарды: баялды (баклажан), қияр, саңырауқұлақ, балық, салаттар, шұжықтар, қақталған балықтарды т.б. пайдаланғаннан болады.
Ботулизмнің негізгі симптомдары, клиникалық көріністері:
Ботулизмнің алдын алу жолдары:
Ботулизмнің алғашқы белгілері айқындалса ТЕЗ АРАДА медициналық көмекке жүгініңіз, бұл Сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалады!