Шымкент қаласындағы ауыз су сапасының жай-күйі туралы

Шымкент қаласындағы ауыз су сапасының жай-күйі туралы

Шымкент қаласында халықтың 98,4%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, халықтың 1,6%-ы орталықтандырылмаған суды пайдаланады.

Халыққа берілетін судың сапасына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі ай сайын мониторинг жүргізеді. Қаланың таратушы су құбыры желілерінде 126 бақылау нүктесі бар, олардан зертханалық зерттеулерге су алынады.

2022 жылы санитариялық-химиялық зерттеулерге 628 су сынамасы алынды, оның ішінде 20-сы (3,2%) жалпы қаттылық бойынша санитариялық ереже талаптарына сай келмеген, микробиологиялық зерттеулерге 1781 сынама алынды, оның ішінде 4-уі (0,2%) санитариялық ереже талаптарына сәйкес емес.

2023 жылы 4 айға санитариялық-химиялық зерттеулерге 154 су сынамасы алынды, микробиологиялық зерттеулерге 338 сынама алынды, оның ішінде санитариялық ереже талаптарына сәйкес емесі анықталмады.

Осы кезеңде қала бойынша халық арасында су факторымен байланысты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.