Есепті, яғни 2023 жылдың басынан бері қолданыстағы көптеген нормативті-құқықтық актілерге ҚР 30.12.2021ж. № 95-VII ҚР заңы негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның бірі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі (бұдан әрі - Кодекс).
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы өзекті мәселе болып қала беретін бұл тексеру сұрақтары, оның ішінде Кодекстің 44 бабындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау жүргізу.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау ақпараттық жүйелерден алынған деректерді, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру арқылы жүргізіледі.
Бұл бақылаудың басты мақсаты – бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың жолын кесу, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) беруі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным (бұдан әрі - ұсыным) мемлекеттік орган тарапынан бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) пошта, қолма-қол, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы табыс етіледі немесе жіберіледі.
Ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде ұсынымда көрсетілген бұзушылықтарды жою барысында субъект (объект) нысан тарапынан іс-шаралар атқарылуы тиіс. Егер субъект (объект) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға қарсылық жіберуге құқылы.
Алайда, субъект (объект) тарапынан бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге негіз болып табылады.