«Шошқа тұмауы» немесе H1N1 тұмауы - бұл жіті, А типті штаммен шақырылатын, жоғары жұқтыру қаупі бар шошқаларда және адамдарда кездесетін жіті респираторлық ауру. Жұқпа шошқалардың арасында жыл бойы болуы мүмкін, жайлы климат жағдайында күз және қыс айларында аурудың өршуі жоғарылайды. Қазіргі таңға қала тұрғындары арасында «шошқа тұмауының» жағдайы тіркелген жоқ.
Жұғу жолы: «шошқа тұмауы» негізінен адамнан адамға ауа тамшы жолмен беріліп, инфекция тыныс алу жолдары эпителиінің шырышты қабатында пайда болады.
Шошқа тұмауының симптомдары кәдімгі тұмауға ұқсас болып келеді, адамда дене қызуы 38,5 °С жоғарылап, жалпы әлсіздік, қалтырау, жиі бас ауруы, бұлшық ет және буындар ауырсынуы көрініс алады және тыныс алу мүшелері зақымдалып, адамда ауру өте жұқпалы және жіті түрде өтеді. Ауру кенеттен басталып, халықтың көп бөлігін тез қамтумен сипатталады. Ауру үдеген жағдайда соңы өлімге алып келуі мүмкін.
Аурудың алдын алу. Шошқа тұмауының алдын алу үшін респираторлық вирустардан қорғанудың төмендегі жалпы ережелерін қатаң сақтау қажет:
- вирустардан қорғану мақсатында бетперде кию;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, эпидемиялық ахуал күшейген елдерге сапарға шықпау;
- ауруға қарсы екпе алу, сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанып, уақтылы ұйықтау, пайдалы дәрумендермен тағамдану, дене шынықтырумен айналысу;
- қолды мұқият және жиі жуып, жеке бас гигиенасын сақтау.
Адамда аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда міндетті түрде үйде оқшауланып, дәрігерді үйге шақырту қажет.
Аурушандықтың алдын алу мақсатында науқас неғұрлым ерте оқшауланса, аурушаңдықтың таралу жолы төмендейді.
Сақтанып, сау болайық❗