Шымкент қаласына коронавирусқа қарсы «Комирнати» (Пфайзер АҚШ) вакцинасы жеткізілді

Шымкент қаласына  коронавирусқа қарсы «Комирнати» (Пфайзер АҚШ) вакцинасы жеткізілді

     «Комирнати» (Пфайзер АҚШ) вакцинасымен 12 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін, лактация кезеңіндегі әйелдерге – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін жүргізіледі және 12 жастан 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 және одан да көп ай оқитын және тұратын студенттер де КВИ-ге қарсы І, ІІ компонент, ревакцинация жасалады.

      Сонымен қатар, медицина қызметкерлері, 50 жастан жоғары адамдарға, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, шетелге оқуға шықырылғандарға вакцинациялау, ревакцинациялау немесе қайта ревакцинациялау жасалады.

      «Комирнати» (Пфайзер АҚШ) вакцинасымен вакцинациялау 21-28 күн аралықпен екі рет жүргізіледі, әр доза 0,3 мл., иықтың дельта тәрізді бұлшық етіне егеді. Құтыны алғаш ашқаннан кейін вакцинаның қалдығы бөлме температурасында 1 сағаттан артық сақталмайды, немесе + 2°C-тан + 8°C-қа дейінгі температура кезінде 6 сағаттан асырмай сақталады.

 

      «Комирнати» вакцинасын енгізуге қарсы көрсетілімдер:

  • әсер ететін затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия; жұмыртқаға немесе желатинге аллергияның болуы вакцинация үшін қарсы көрсетілім немесе ескерту болып табылмайды, себебі вакцина құрамында бұл компоненттер жоқ.
  • 12 жасқа дейін;
  • жүктіліктің 16 аптасына дейін;
  • анамнезінде полиэтиленгликолге немесе туыстас молекулаларға ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдарға, себебі вакцина құрамында полиэтиленгликоль бар.
  •  Вакцинациялау:
    • қандай да бір басқа вакцина енгізілгеннен кейін немесе бұрын Комирнати енгізілгеннен кейін ауыр аллергиялық реакция немесе тыныс алу проблемалары;
    • кез келген инъекциядан/уколдан кейін естен тану, құрысулар;
    • жоғары температурамен жіті инфекциялық аурулар және созылмалы аурулардың асқынуы;
    • қанның ұюымен, оның ішінде тромбтардың пайда болуына қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдаумен байланысты проблемалардың болуы;
    • ауруға байланысты иммундық жүйе әлсіреген (АИТВ инфекциясы, стероидты препараттарды қабылдау) кезінде сақтықпен жүргізіледі.

    Вакцинамен егу емханалардағы егу бөлмесінде дені сау адамдарға, ерікті түрде тегін, жазбаша ақпараттандырылған келісіммен арнайы оқып, дайындалған егуге рұқсаты бар медбике дәрігердің рұқсатынан кейін салынады.