Трихофития (қырма таз) - жұқпалы ауру. Ауру орналасқан жеріне байланысты әртүрлі симптоммен көрінуімен ерекшеленеді. Олардың қоздырғыштарының келесі түрлері белгілі: Trichophyton verrucosum - ірі қара малдарды, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton equinum - жануарлардың басқа түрлерін, Trichophyton gallinae - құстар мен сүт қоректілерді ауруға шалдықтырады.
Аурудың негізгі жұғу көзі - ауру адам және ауруға ұшыраған ауылшаруашылық малдары (ірі қара малдары, түйе, жылқы, ұсақ мал), және үй жануарлары (ит пен мысық).
Трихофитон туындысы саңырауқұлақпен пайда болады. Адамның терісін, бастың шашты бөлігін және тырнақ пластинкасын зақымдайды. Ауру антропофильді, яғни ауру адаммен тікелей қатынаста болу немесе киім, тұрмыстық заттар (бас киім, жүнді жаға, тарақтар, төсек жабындысы, ойыншықтар) және зоофильді түрде жануардың өнімдері (қабыршақ, шаш, жүн және шөпте, топырақта, астауындағы қалған қалдық) арқылы жұғады. Бұдан басқа шаштаразда шаш қысқартқанда, сақал қырғанда, тырнаққа маникюр, педикюр жасағанда да жұғады.
Негізгі клиникалық белгілері: алғашында тек бастың шашты бөлігінде, бір, кейіннен көптеген диаметрі 1-2 см-дей айқын емес, шекарасы анықталмаған, оқшауланған, бір-бірімен қосылмаған ошақтармен көрінеді. Ошақ аймағындағы тері аздап ісінген, қызғылт түсті, беті ақшыл-сұр түсті қабыршақпен қоршалған, сонымен қоса көпіршік, іріңді бөртпе және қабыршықтануымен көрінуі мүмкін. Шаш тері беткейінен немесе түбінен 2-3 мм деңгейінде сынады да, орнында қара нүктелер пайда болады. Сонымен қатар кәдімгі қайызғақ сияқты, себорея дерматит кезіндегідей, теріде айқын қабыршақтану пайда болады. Бұл өзгерістер жазық теріге таралады. Ошақтың жазылуы орталықтан басталып, сақина түрді құрайды.
Тереңдік трихофития (инфильтративті - іріңді түрі) көбінесе қосымша микроорганизмнің пайда болуына байланысты іріңдіктердің пайда болуымен көрінеді. Жұғу көзі малшы, тышқан, зертханалық егеуқұйрық, сиыр, бұзау, жылқы және қой болып табылады.
Клиникалық симптомы - қабыну көрінісі айқын көрініп, іріңдеуге дейін барады. Денедегі жазық теріні, бастың шашты бөлігін және сақал-мұртты зақымдайды, олар айқын шектелген жартылай шарды немесе көкшіл-қызыл түсті тығыздалған түйіндермен, бұдырлы беткейлі іріңдікпен қапталған ойықтанумен, қабыршақтанумен, шаш түсуімен сипатталады. Шаш фолликуласы сағасының түбі іріңмен толып, кеңейіп, басқанда ірің сорғалап, не тамшылап бөлінеді («бал арасының торлы ұясы» симптомы). Соңғы кезде денедегі қасағалық аймағының терісінің және оның қосалқыларының зақымдануы жиі кездеседі.
Алдын-алу шаралары:
Ауруды өздігінен емдеуге болмайды, себебі зертханалық тексеруге сынама алғанда нәтижесі дұрыс болмауы ықтимал және ауру үдейді, сол үшін дерматолог дәрігеріне дер кезінде қаралып, қажетті ем алған жөн !