Чесотка

Чесотка

        Қышыма (чесотка) - терінің жұқпалы ауруы. Оны тарататын қоздырғыш - қышыма қотыр кенесі. Қышыма адаммен қарым-қатынас жасағанда, онымен төсек орынды, киім кешекті, орамалды сүлгіні, ысқыны (мочалка) т.б. заттарды бірге пайдаланғанда жұғады.

         Тиісті тазалық ережелері сақталмаса, моншада, душта, жатақхана мен мейманханада да қышыма ауруын жұқтыру қаупі бар.

         Қышыма ауруын жұқтырған кезде дененің кей тұсы бой бермей дуылдап қышиды, үстін түрлі түйіншектер, көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі басады. Мұндай жағдай аяқ-қолдың буын бүгілістерінен де, саусақ аралықтарынан да, тұла-бойдан да байқалады. Осындай белгі сезілді дегенше, уақыт оздырмай дәрігерге көріну керек.

Қышымамен күресте дәрігерге уақытында көрінудің және дер кезінде тыңғылықты емделудің маңызы зор.

Қышыма ауруының алдын алу іс-шаралары:

- жеке бас гигиена ережелерін сақтау (моншада жуынатын легендерді дезинфекциялау, отбасының әрбір мүшесінде жеке бас гигиенасына арналған заттардың болуы);

- бассейндерде, моншаларда, жағажайда жеке резіңке аяқ киімдерді пайдалану;

- қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолды мұқият сабынмен жуу;

- қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру;

- үй жануарларын ветеринарлық дәрігерге уақытылы көрсетіп, қажетті екпелер алу;

- тері ауруымен ауыратындар болса, жеке гигиеналық тазалыққа көңіл бөлу.

- біреудің киімін киюден аулақ болу.

         Қышымаға шалдыққан адам ауруханаға жатпай, үйде емделсе, оның төсек-орны, тұтынатын заттары басқалардікіне араластырылмайды. Оларды 2% сода ертіндісі немесе кез-келген ұнтақ сабын қосылған, қайнап тұрған суда 10 минуттай қайнатып жуу керек. Дезинфекциялық заттар тек дәрігер ұсынымымен ғана қолданылады.

         Қышымадан дәрігерге уақыт оздырмай көрініп, жеке бас тазалығының талаптарын сақтаған адамның тез айығатынын есте сақтау керек.