2021 жылы 24 қыркүйекте Шымкент қаласында «Ashyq» жобасына қатысушы 8208 нысан жұмыс атқаруда. Осы нысандарға барып, QR-код арқылы «қызыл» және «сары» статусы анықталған тұлғалар нысанға жіберілмейді, олар туралы мәлімет Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданады.
«Қызыл» статуспен анықталған тұлғаларға «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 425 бабы, 1 тармағына сай 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Ал «сары» статуспен анықталған тұлғаларға үй карантині режимін сақтау керектігі туралы қаулы шығарылады, «сары» статустағылар үй карантині режимін қайталап бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Себебі, «қызыл» және «сары» статустағы азаматтар COVID-19 инфекциясын басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін, сондықтан олар міндетті түрде 14 күн ешқайда шықпай, көпшілік орындарға бармай, үй карантині режимінде оқшаулануы міндетті.
Бүгінгі күнге Шымкент қаласындағы «Ashyq» жобасына қатысушы нысандарда үй карантині режимін бұзған 1993 адам анықталды. Олардың 1438 - «қызыл» және 555 «сары» статуспен анықталған тұлғалар:
- Абай ауданында - 223 - «қызыл», 118 - «сары»;
- Әл-Фараби ауданында - 173 - «қызыл», 98 - «сары»;
- Еңбекші ауданында - 626 - «қызыл», 212 - «сары»;
- Қаратау ауданында - 416 - «қызыл», 127 - «сары» статуспен анықталған.
Үй карантин режимін бұзған 444 жеке тұлғаларға барлығы 19148785 теңгеге айыппұл салынды.
Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті COVID -19 инфекциясы бойынша ПТР-тестінің нәтижесі оң болған науқастарды және олармен байланыста болған тұрғындарды 14 күндік үй карантині режимін сақтауға шақырады!
17.09.2021ж.- 24.09.2021ж. аралығында Шымкент қаласы бойынша 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлға тартылған тұрғындардың тізімі:
Шымкент қаласы Абай ауданында
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында
Шымкент қаласы Қаратау ауданында