2025 жылғы 2 тоқсан ішіндегі санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

2025 жылғы 2 тоқсан ішіндегі санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және аудандық басқармаларымен қоршаған орта объектілерінің жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті (бұдан әрі – СЭМ) жүзеге асырады.

2025 жылдың 2 тоқсанында СЭМ жүргізу барысында орталықтандырылған су құбырларынан санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 700 су сынамасы, микробиологиялық көрсеткіштерге 317 су сынамасы зерттелді, оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмегені анықталмады.

СЭМ барысында микробиологиялық көрсеткіштерге II санаттағы су айдындарынан 36 сынама санитариялық-химиялық көрсеткіштерге алынып, оның ішінде  5 ЛПК-лактоза оң ішік таяқшалар индексі анықталды,  микробиологиялық көрсеткіштерге 59 су сынамасы зерттелді, оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмегені анықталмады.

Қала бойынша атмосфералық ауаның сапасын бақылауға 82 бақылау нүктелері анықталған. СЭМ барысында қала аумағынан атмосфералық ауаның 11 190 сынамасы алынды, оның ішінде шекті рұқсат етілген концентрациясынан  (ШРК) 48 жоғары болған сынамалар анықталды.

Шымкент қаласы бойынша топырақ сапасына санитариялық-эпиедмиологиялық мониторинг жүргізу үшін 66 бақылау нүктесі анықталды.

2025 жылдың есептегі кезеңде СЭМ барысында топырақтың жай-күйі үшін санитариялық-химиялық зерттеулерге 157 сынама, бактериологиялық зерттеуге 32 топырақ сынамасы іріктелді, оның ішінде санитариялық нормаларға зерттеулер: коли-титрге, термофилдердің титріне жүргізіледі. Сынамалар балалар алаңдарынан, балаларды сауықтыру ұйымдарынан, санитарлық қорғау және су жинау аймақтарынан, рекриация аймақтарынан алынады.